Бүгін еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды

Бүгін еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды

Бүгін еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды
ашық дереккөзі
Атмосфералық фронталды бөліктердің өтуімен 31 мамырда Қазақстан аумағының басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп хабарлады turkystan.kz Қазгидрометке сілтеме жасап. Тек республиканың солтүстігі мен оңтүстік жартысында жауын-шашынсыз ашық күн райы қалыптасады. Барлық өңірде екпінді жел сақталады, батыста және оңтүстікте шаңды дауыл тұрса, солтүстікте тұман болжанады. Атырау облысының басым бөлігінде, Ақтөбе, Маңғыстау облыстарының оңтүстігінде, Қостанай облысының солтүстігінде және батысында қатты ыстық болады. Қостанай облысының басым бөлігінде, Ақмола, Солтүстік Қазақстан және Ақтөбе облыстарында өрттің жоғары қаупі күтіледі. Қызылорда облысының басым бөлігінде, Павлодар облысының шығысы мен орталығында, Атырау, Қарағанды облыстарының шығысында, Ұлытау облысының орталығында, Абай облысының солтүстігі мен шығысында өрттің төтенше жоғары қаупі сақталады.