Орал қаласында 18 жастағы бойжеткен өзіне қол жұмсады деп хабарлады turkystan.kz облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Бойжеткеннің денесі 18 мамырда сағат 12.30 шамасында табылған. Ол қаладағы 4-ықшамаудандағы көпқабатты үйдің 8-қабатынан секіріп кеткен.
«Марқұмның мәйіті Орал қалалық сот медициналық сараптамасына жіберілді. Қазіргі күні ҚК 105-бабы 1-тармағы «Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу» бойынша тергеу жүріп жатыр», - дейді ведомство.