Физикадан Азия олимпиадасында Қазақстан оқушылары 3 жүлде жеңіп алды

Физикадан Азия олимпиадасында Қазақстан оқушылары 3 жүлде жеңіп алды

Физикадан Азия олимпиадасында Қазақстан оқушылары 3 жүлде жеңіп алды
ашық дереккөзі
Қазақстандық оқушылар физикадан 23-ші Азия олимпиадасында (APhO) бір алтын, екі қола медаль иеленді деп хабарлады turkystan.kz Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап. Қола - Әлішер Еркебаев, Ақтөбе қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің 12-сынып оқушысы. Алтын - Ерсұлтан Пітебай, Алматы қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің 12-сынып оқушысы. Қола - Арман Бақытов, С.Шаухаманов атындағы №9 дарынды балаларға арналған облыстық «Білім-инновация» лицей-интернатының 11-сынып оқушысы, Қызылорда қаласынан. Екі оқушы құрмет грамотасымен марапатталды. Олар - Павлодардағы дарынды балаларға арналған № 8 лицей-мектебінің 11-сынып оқушысы Даир Нұртаев және алматылық №165 мамандандырылған лицейдің 10-сынып оқушысы Марғұлан Нұрсағатов. Айта кетейік, жазда бұл команданы тағы бір маңызды білім сайысы күтіп тұр. Олар Жапонияда 10-17 шілде аралығында өтетін физика пәнінен халықаралық олимпиадада бақ сынайды.