Дүйсенбі, 29 Мамыр, 2023

Бейсембаев оқу жылының неліктен ұзартылғанын түсіндірді

ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев биылғы оқу жылын қорытындылады деп хабарлады turkystan.kz.

«Оқу жылының аяқталуына санаулы күндер қалды. Министрлік алдында тұрған маңызды міндеттердің бірі – биылғы оқу жылын табысты аяқтау және балалардың жазғы демалысы мен сауықтыруын сапалы ұйымдастыру, әрі қауіпсіздігін толық қамтамасыз ету.

Бұл шешімнің басты себептері: балалардың отбасында көбірек уақыт өткізуіне қатысты ата-ана өтініштерінің ескерілуіне байланысты 5 күндік оқу аптасына көшу; оқушыларға жүктемені азайту жөніндегі сарапшылар ұсынысы; оқу аптасының ұзақтығын Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының стандарттарына сәйкестендіру. Әлемдік тәжірибеге назар аударсақ, ЭЫДҰ елдерінде оқу жылы 40 аптаны құрайды», – деді министр.

Back to top button