Қазақстанда балалардың әлеуметтік желіге тіркелуі қиындайды

Қазақстанда балалардың әлеуметтік желіге тіркелуі қиындайды

Қазақстанда балалардың әлеуметтік желіге тіркелуі қиындайды
ашық дереккөзі
Елімізде ата-анасы немесе заңды өкілінің рұқсатынсыз TikTok, Instagram, Facebook, WhatsApp, "ВКонтакте" платформаларында кәмелетке толмағандарды тіркеуді шектеу шараларын қабылдау жоспарланып отыр. Үкімет қаулысының жобасы "Ашық НҚА" сайтында жарияланды. Қазақстан Үкіметі балаларды зорлық-зомбылықтан қорғау және олардың құқықтары мен әл-ауқатын қамтамасыз ету жөніндегі 2023-2025 жылдарға арналған "Бала Қорғау" кешенді жоспарын бекіту туралы шешім қабылдады. Жоспар мақсаты – балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйесін құру, балаларға уақтылы білікті көмек көрсету, сондай-ақ балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алуға бағытталған 2023-2025 жылдарға арналған қосымша шаралар кешенін қабылдау. Жоба қабылданса, Instagram, Facebook, WhatsApp, "ВКонтакте" платформаларында кәмелетке толмағандарды заңды өкілінің рұқсатынсыз тіркеуге шектеу шараларын енгізу 2025 жылдың бірінші тоқсанына жоспарланған. Бұған Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі, ақпарат және қоғамдық даму министрліктері, сондай-ақ білім министрлігі жауапты болады. Жалпы, кешенді жоспар 4 бөлімнен тұрады.
  • "Балалардың зорлық-зомбылықтан қорғау құқығын жүзеге асыру".
  • "Білім алушылардың педагогикалық қолдау құқығын іске асыру, балалардың суицидтік және аутоагрессивті мінез-құлқының алдын алу және түзету".
  • "Қазақстандық балалардың әл-ауқаты деңгейін арттыру, балалардың құқықтарын қорғау саласындағы мемлекет пен қоғамның өзара іс-қимылы".
  • "Ақпараттық сүйемелдеу".
Құжат 6 маусымға дейін көпшіліктің талқылауы үшін жарияланған.