Қызыл крест ұйымының мүшелеріне шабуыл жасалды

Қызыл крест ұйымының мүшелеріне шабуыл жасалды

Қызыл крест ұйымының мүшелеріне шабуыл жасалды
ашық дереккөзі
477
Ауғанстанның Джауздан провинциясында белгісіз қарулы топ Халықаралық Қызыл крест ұйымының қызметкерлеріне шабуыл жасап, 6 адамды өлтірген. Лаңкестер тағы 2 кісіні ұрлап кеткен. Оқиға аталған аймақтың Куйш Тепа мекенінің маңында болған. Олар өңірде табиғи апаттан зардап шеккендерге көмек көрсетумен айналысып келген. Қазір полиция содырлар алып кеткен адамдарды іздестіріп жатыр. Ал халықаралық ұйым елдегі өз жұмысын оқиғаның мән-жайы толық анықталмайынша тоқтата тұратынын хабарлады. Әзірге шабуылды қандай топ жасағаны белгісіз. Алайда Ауғанстандағы басты экстремистік ұйымның бірі - Талибан қозғалысы бұл шабуылды ұйымдастырмағанын айтып, қылмыскерлерді тауып жазалауға уәде берді.   Томас Гласс, Халықаралық Қызыл крест комитетінің баспасөз хатшысы:   - Шибарган қаласына үш көлікпен бара жатқан қызметкерлерімізге қарулы топ шабуылдаған. Олардың мақсаты шаһардың оңтүстігіндегі табиғи апаттан зардап шеккен мекендерге гуманитарлық жүктерді жеткізу болатын. Лаңкестер көліктегі 6 адамды атып, қалған екеуін алып кеткен.

Серіктес жаңалықтары