Алматыда телевизия нарығының өзекті мәселелері талқыланған конференция өтті

Алматыда телевизия нарығының өзекті мәселелері талқыланған конференция өтті

Алматыда телевизия нарығының өзекті мәселелері талқыланған конференция өтті
ашық дереккөзі
Бүгін Алматыда Ұлттық медиа қауымдастықтың ұйымдастыруымен «Медиа өлшемдер. Телевизия нарығының өзекті мәселелері» тақырыбында конференция өтті. Қауымдастық медиа өлшемдер және телевизия нарығындағы заманауи қиындықтар мен тенденциялар туралы зерттеулер мен пікірталастар өткізді. Вице-министр әрі қауымдастық жетекшісі Кемелбек Ойшыбаев теледидардағы жарнама нарығын дамыту үшін медиа нарықтың барлық қатысушыларының бірлескен жұмысының маңыздылығын айтып, Ресей теледидар жарнамасының кірістерімен салыстырды.
«Біз ресейлік теледидардағы жарнама нарығынан 32 есе азбыз, яғни Ресейдегі теледидар жарнамасының көлемі теңгемен есептегенде шамамен 1 трлн 100 млрд теңгені құрайды. Егер Қазақстанның жарнама нарығы құлдырайтын болса, онда нарықтың барлық қатысушысында даму болмайды. Индустрияның басты менеджерлерінің басын қосып, негізгі сұрақтарды көтеретін алаңға айналып келе жатқан конференциямызды екінші жыл қатарынан өткізіп келеміз. Болашақта осы конференция дәстүрлі түрде саламыздың мәселелері шешілетін маңызды бір алаңға айналады деп сенемін», – деді ол.
 width= Конференцияның панельдік сессияларында 2022 жылғы медиа өлшемдердің қорытындылары, медианы тұтынудың негізгі факторлары, халықаралық аудит жүйесінің мысалдары және Қазақстанның медиа жүйесіне деген сенімділікті арттыру, сондай-ақ мемлекеттік тілдегі жарнама және оның даму барысы көтерілді. Сондай-ақ NUR Media холдингінің Бас директоры Бақтияр Мәкен мемлекеттік тілдегі жарнама тақырыбы бойынша баяндама жасап, жарнаманың ерекшеліктері туралы айтып берді.
«Қазақ тілді мазмұнға сұраныс жыл санап артып келеді. Бүгінде жекелеген компаниялар мен қоғам белсенділері мемлекеттік тілдегі контентті, алаңдарды, жарнама құралдарын дамытуға көңіл бөліп жүр. Олар ұсынатын идеялар креативті және ынтымақтастық орнатуға деген қызығушылықтары да жоғары. Осы жағдайды пайдалана отырып жарнаманы қазақ тілді аудитория үшін тартымды етуге болады», – деді ол.
 width=  width=  width=