Алматыда мотоциклмен соқтығысқан самокат жүргізушісі мерт болды

Алматыда мотоциклмен соқтығысқан самокат жүргізушісі мерт болды

Алматыда мотоциклмен соқтығысқан самокат жүргізушісі мерт болды
ашық дереккөзі
Алматыда самокат мен мотоциклдің соқтығысуынан бір адам қайтыс болып, екіншісі ауруханаға жатқызылды деп хабарлады turkystan.kz Zakon.kz сайтына сілтеме жасап. Оқиға Сейфуллин даңғылында, Тимирязев пен Сәтбаев көшелерінің арасында болған. Yamaha мотоциклін мінген жүргізуші Сейфуллин даңғылының бойымен оңтүстік бағытта, ал самокатты жалға алған тұрғын солтүстікке қарай кетіп бара жатқан. Ол солға – Политехническая көшесіне бұрыла бастаған, бірақ дұрыс есептемей, мотоциклдің дәл алдына бұрылған. Мотоциклші қатты жылдамдықпен оны қағып кеткен. Самокат, мотоцикл және оны айдап келе жатқан екеуі де екі жаққа, бірнеше ондаған метрге ұшып кеткен. Оқиға орнына жеткен жедел жәрдем зардап шеккен екеуін де алып кетті. Бірақ көлік қозғала бастағанда-ақ самокат мінген тұрғын қайтыс болды. Мотоцикл жүргізушісі жақын маңдағы ауруханаға жеткізілді.