Ақтөбе облысында жол апатынан екі Өзбекстан азаматы қайтыс болды деп хабарлады turkystan.kz. 16 мамырда Самара – Шымкент автожолының 824-шақырымында Toyota RAV-4 және Chevrolet Lacetti автокөліктері соқтығысқан. Салдарынан Chevrolet көлігінің жүргізушісі мен жолаушысы, Өзбекстан Республикасының азаматтары оқиға орнында қаза тапты. Сондай-ақ Chevrolet автокөлігінің үш жолаушысы және Toyota RAV-4 көлігінде болған 5 жасар баласы бар ерлі-зайыпты медициналық мекемеге жатқызылды. Қазір осы оқиғаға қатысты тергеу басталды.
Жүктелуде...