Биыл Қазақстан экономикасы 5 пайызға өсті – министр

Биыл Қазақстан экономикасы 5 пайызға өсті – министр

Биыл Қазақстан экономикасы 5 пайызға өсті – министр
ашық дереккөзі
Осы жылдың 4 айында ел экономикасы 5 пайызға өсті. Бұл туралы Үкімет отырысында ұлттық Экономика министрі Әлібек Қуантыров айтты деп хабарлады turkystan.kz.
«Өткен жылдың қаңтар-сәуірімен салыстырғанда биылғы 4 айда Қазақстан экономикасы 5 пайызға өсті. Оның ішінде нақты сектордағы өсу 4,8 пайызды, ал қызмет көрсету саласындағы өсу 4,9 пайызды құрады. Негізгі салалардың барлығында оң динамика байқалып отыр. Әсіресе, құрылыс, сауда және ақпарат және байланыс салалары ең жоғары көрсеткіштер көрсетті», - деді ол.
Министр атағандай, негізгі капиталға салынған инвестициялар өсу қарқыны 18 пайызды құраған.
«Инвестициялар ағыны көлік және қоймалауда 39,3 пайыз, ауыл шаруашылығында 29,6 пайыз, жылжымайтын мүлікке қатысты операцияларда 10 пайыз, өнеркәсіпте 18,1, тау-кен өнеркәсібінде 17,3 пайыз, өңдеу өнеркәсібінде 17,3 пайыз, өңдеу өнеркәсібінде 7 пайызға өсті», - деді ол.