Отандастар қорының ұйымдастыруымен Қоғамдық комиссия отырысы өтеді

Отандастар қорының ұйымдастыруымен Қоғамдық комиссия отырысы өтеді

Отандастар қорының ұйымдастыруымен Қоғамдық комиссия отырысы өтеді
ашық дереккөзі
17 мамырда «Отандастар қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамы жанындағы Қоғамдық комиссия отырысы өтеді деп хабарлады turkystan.kz. Аталмыш қоғамдық комиссия отырысына комиссия төрағасы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, саяси ғылымдарының докторы, ҚР Парламенті Сенатының Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің экс-төрағасы Мұрат Бақтиярұлы, мәжіліс депутаттары мен қоғам белсенділері және тиісті құзыретті орган өкілдері қатысады. Комиссия отырысында қаралатын мәселелер:
  1. «Отандастар қоры» Қоғамының 2022 жылы атқарылған жұмыстары;
  2. «Отандастар қоры» Қоғамының 2023 жылға міндеттері;
  3. Түрікменстан - Солтүстік Қазақстан - Маңғыстау: қоныстану мәселелері.