Шымкент тұрғынынан аса ірі көлемде героин табылды

Шымкент тұрғынынан аса ірі көлемде героин табылды

Шымкент тұрғынынан аса ірі көлемде героин табылды
ашық дереккөзі
Шымкент полицейлері тұрғыннан аса ірі көлемде героин тапты деп хабарлады turkystan.kz. Polisia.kz сайтының мәліметінше, Еңбекші ауданының аумағындағы қараусыз қалған ғимараттың ішінде жүрген ер адам полицейлердің күдігін тудырған. Тәртіп сақшыларының жақындағанын байқаған ол ғимараттан шығуға асыққан, бірақ сол мезетте ұсталды. Тексеру барысында полицейлер оның сөмкесінен есірткі салынған 4 полиэтилен пакет тапты.
«Оның бірінде бірреттік дозасы бар ұнтақ салынған 49 қаптама табылды. Жедел уәкілдер ұсталған адамның тұрғылықты жерін анықтап, тінту жұмыстарын жүргізді. 49 жастағы азаматтың үйінен екі пластикалық контейнер мен ұнтақты есірткі заттары салынған бір пакет, сондай-ақ олардың салмағын өлшеуге арналған таразы табылып, тәркіленді. Сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген есірткінің жалпы салмағы 70 грамнан асатын героин және марихуана екені анықталды», - делінген хабарламада.