Соңғы жарыс күнінде Малышев қоржынға қола салды

Соңғы жарыс күнінде Малышев қоржынға қола салды

Соңғы жарыс күнінде Малышев қоржынға қола салды
ашық дереккөзі
419
Универсиаданың соңғы күнінде қазақстандық шаңғышы Сергей Малышев ел қоржынына тағы бір медаль салды. Спортшы 30 шақырымға масс-старт бәсекесінде бағын сынап, қола жүлдеге қол жеткізді. Шаңғы спортынан өткен соңғы сайыста отандасымыз мәрені бірінші болып кескен ресейлік Дмитрий Ростовцевтен +0.5 уақыт қалып, қола жүлдені місе тұтты. Бұл жарыста күміс медальді екінші ресейлік спортшы Валерий Гантарь алды. 30 шақырымдық сайысқа қатысқан тағы бір отандасымыз Виталий Пухкало көшбасшыдан 21,1 секунд қалып, төртінші орынға тұрақтады. Бұл Қазақстан үшін Универсиада ойындарында алып отырған 35 жүлдесі. Біздің құраманың қоржынында қазір 11 алтын, 7 күміс және 17 қола жүлде бар. Ал Малышевтің бұл екінші жүлдесі. Бұған дейін ол 7,5 шақырымға командалық жарыста күміс жүлде жеңіп алды.

Серіктес жаңалықтары