Атырауда 10 қабатты тұрғын үйдің шатыры жанып жатыр деп хабарлады turkystan.kz.
Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің қоғаммен байланыс тобынан мәлім еткендей, өрт, бүгін жергілікті уақытпен сағат 19:22-де тұтанған.
«Өрт 10 қабатты тұрғын үйдің шатырында тұтанып, 700 шаршы метр аумақты шарпыды. Облыстық төтенше жағдайлар туралы департаментінің күштік құралдары жалынды сөндіріп жатыр», - делінген ҚазАқпарат материалында.
Белгілі болғандай, бұл – соңғы жылдары пайдалануға берілген «Лагуна» тұрғын кешені.
Жаңа тұрғын үй Атырау қаласындағы Махамбет Өтемісұлы көшесінде №123 мекенжайында орналасқан.
https://youtube.com/shorts/8S8y1y854Tg?feature=share