Өзбекстан боксшысы Шодиержон Меликузиев Ташкентте өтіп жатқан 2023 жылғы әлем чемпионатында қазақстандық Санжар Ташкенбаймен кездеседі. Олардың жекпе-жегі 48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде 1/8 финалда өтеді деп хабарлады turkystan.kz. Боксшылар 2023 жылғы Азия чемпионатының финалында Бангкокта (Таиланд) кездесіп, Ташкенбай төрешілердің шешімімен жеңіске жеткен.
«Менің келесі жекпе-жегім Қазақстан боксшысына қарсы болмақ. Біз онымен Азия жастар чемпионатының финалында кездестік. Мен ұпай саны бойынша ұтылдым. ИншаАллах, мен оны әлем чемпионатында жеңемін деп үміттенемін», - деді Меликузиева sports.uz басылымына.Санжар Ташкенбай үшін бұл әлем чемпионатындағы алғашқы жекпе-жек болса, Меликузиев осыған дейін непалдық Рабин Тапуды 5:0 есебімен жеңді.