390
Білім бөлімінің басшысы парамен ұсталды
Білім бөлімінің басшысы парамен ұсталды
Оңтүстік Қазақстан облысында білім бөлімінің басшысы парамен ұсталды. Бұл туралы мәліметті Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының ОҚО-дағы өкілдігі таратты.
Белгілі болғандай, 47 жастағы Сарыағаш аудандық білім бөлімінің басшысы М. есімді азамат аудандағы мектеп директорының бірінен 470 мың теңге көлемінде пара алды деп айыпталуда. Ол кабинетінде ұсталған. Бұл жарты миллион теңгенің өтемі ретінде білім бөлімінің басшысы директорға «қамқорлық жасап жүрмек» болған. Бұрынғы облыс әкімінің кезінде пилоттық жоба ретінде, 2016 жылдың маусым айында білім бөліміне басшы болып тағайындалған шенеунік бұған дейін ОҚО Білім басқармасында жұмыс жасаған. Қызметке келгеніне бір жыл да толған жоқ болатын.