Қазақстан құрамасы Азия чемпионатында 3-орын алды

Қазақстан құрамасы Азия чемпионатында 3-орын алды

Қазақстан құрамасы Азия чемпионатында 3-орын алды
ашық дереккөзі
50255
27-30 сәуір аралығында Өзбекстан Республикасының астанасы - Ташкентте 18 жасқа дейінгі ұлдар мен қыздар арасында жеңіл атлетикадан V Азия чемпионаты өтті. Жарысқа Азияның 29 елінен 300-ден астам спортшы қатысты деп хабарлады turkystan.kz Жеңіл атлетика федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Қазақстан құрама командасының құрамына 58 спортшы кірді, бұл - біздің жасөспірімдер командасының қатысу тарихындағы рекордтық көрсеткіш. Жарыс барысында Қазақстан құрамасының спортшылары 3 алтын медаль жеңіп алды: Анастасия Колода - кедергілермен 400 метр, Иван Сенинг – онсайыс, Ирина Конищева – жетісайыс. 6 спортшы күміс медаль иеленді: Екатерина Колода – кедергілермен 400 метр, Кабирова Эльмира – сырықпен секіру, Софья Киденко – 400 метр, Малюгина Арина – биіктікке секіру, Болатбекқызы Аяна – 1500 метр, әйелдер құрама эстафеталық командасы. Қазақстан құрамасының 5 спортшысы қола медаль жеңіп алды: Нұрдәулет Маман – найза лақтыру, Якименко Елизавета – қатарынан үш рет секіру, Григорьева Богдана – 3000 метр, Балабин Максим – сырықпен секіру, Мұхаметқали Реза – сырықпен секіру. Нәтижесінде жеңіл атлетикадан Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Азия чемпионатында 3-орын алды.

Серіктес жаңалықтары