Иракта өмір бойына сотталған 6 қазақстандық әйел аштық жариялады

Иракта өмір бойына сотталған 6 қазақстандық әйел аштық жариялады

Иракта өмір бойына сотталған 6 қазақстандық әйел аштық жариялады
ашық дереккөзі
Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров айтты деп хабарлады turkystan.kz.
«Осыдан бірнеше жыл бұрын Ирактан «Русафа» операциясы арқылы бүлдіршіндер Қазақстанға жеткізілді. Алайда, олардың аналары өмір бойына бас бостандығынан айрылып, Бағдат (Ирак) түрмесінде жазасын өтеуге қалды. Биыл 24 сәуірде Қазақстанның Иорданиядағы елшілігіне Ирак билігінің террористік ұйымның қызметіне қатысқаны үшін өмір бойына соттағанына наразылық ретінде Бағдат түрмесінде отырған шетелдіктер, олардың ішінде Қазақстан азаматтары да аштық акциясын бастағаны туралы хабарлама келіп түсті», - деді А. Смадияров елордада өткен баспасөз мәслихатында.
Осы орайда, ол істі болған аталған адамдар өз мемлекеттеріне тезірек экстрадициялау процедурасын өткізуді талап етіп отыр. Аштық акциясы Ирак билігінің «Рақымшылық туралы» заңға қол қоюы туралы қауесет тараған кезде басталған. «Қолда бар ақпаратқа сәйкес, Ирак билігі биыл барлық санатта қылмыс жасаған адамдарға «Рақымшылық жасау туралы» заңға қол қоюды жоспарлап отыр. Бұл нақты ақпарат емес. Айта кетейік, рақымшылыққа ілігетін адамдар өз жазасының үштен бірін сол елде өтеуге тиіс. Қазір жоғары аталған мекемеде ДАИШ террористік (Қазақстанда тыйым салынған ұйым) ұйымына қатысқаны үшін сотталған 6 Қазақстан азаматы өз жазасын өтеп жатыр. Жалпы, наразылық білдіріп отырғандар әділетсіз үкімге, негізсіз айыптауларға қатысты шағым айтып отыр», - деді ресми өкіл. «Егер Ирак билігі рақымшылық акциясын қабылдаса, онда біз тиісті келіссөздерді жалғастырамыз», - деді А. Смадияров.