«Сондай-ақ «Великая Стена» БК ЖШС тарапынан жазатайым оқиға туралы жедел түрде Маңғыстау облысының Еңбек басқармасына, осы жазатайым оқиға бойынша арнайы тергеу жүргізу үшін Маңғыстау облысының Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің департаментіне хабарлама жіберілді», - делінген хабарламада.Қазіргі уақытта Маңғыстау облысының Еңбек басқармасы басшылық ететін комиссия құрылуда. Жазатайым оқиғаны тергеуді «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ басшылығы жеке бақылауға алды, тергеу белгіленген мерзімде жүргізіліп, кінәлі адамдар ҚР заңнамасына сәйкес жазаланады. Жазатайым оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталып жатыр.
Жетібай кен орнында жарылыс болып, жұмысшы қаза тапты

Жетібай кен орнында жарылыс болып, жұмысшы қаза тапты
Жетібай кен орнында дәнекерлеу жұмыстары жүргізіліп жатқан кезде жарылыс болып, жұмысшы қаза тапты деп хабарлады turkystan.kz.
Мangystaumedia.kz мәліметінше, жазатайым оқиға «Жетібаймұнайгаз» ӨБ №5613/28 ұңғымасында («Великая Стена» БК ЖШС (Бұрғылау бригадасы ХДЕС - №56) болған.
Алдын ала деректер бойынша, «Жетібаймұнайгаз» ӨБ №5613/28 ұңғымасында «Великая Стена» БК ЖШС (ХДЕС-56 бригадасы) монтаждау жұмыстарын жүргізіп, дәнекерлеу жұмыстарын жүргізу кезінде жарылыс болды. Газбен дәнекерлеуші, ҚР азаматы оқиға орнында қайтыс болды. Ал бұрғылау қондырғысының шебері, ҚХР азаматы, басынан жарақат алып, ауылдық ауруханаға жеткізілді.
Оқиға орнына жедел түрде Маңғыстау ауданының полиция қызметкерлері келді. Жазатайым оқиғаның мән-жайын анықтау мақсатында құқық қорғау органдарының қызметкерлері сотқа дейінгі тергеу жүргізеді.