Кентауда оқушы қызды соққыға жығып, зорламақ болған педофил ұсталды

Кентауда оқушы қызды соққыға жығып, зорламақ болған педофил ұсталды

Кентауда оқушы қызды соққыға жығып, зорламақ болған педофил ұсталды
ашық дереккөзі
Түркістан облысының Полиция департаменті зорланбақ болып, соққыға жығылған 11 жастағы оқушы қызға қатысты пікір білдірді деп хабарлады turkystan.kz. Тәртіп сақшылары күдіктіні қамауға алды. Күдікті бұрын сотты болған жергілікті тұрғын болып шықты. Оқиға 26 сәуір күні болған.
«26 сәуір сағат 23:15 шамасында Кентау қалалық полиция бөліміне ауруханадан жасөспірім қыздың дене жарақатымен түскені туралы хабарлама келді. Тексеру барысында сағат 20:30 шамасында аулада ойнап жүрген қызды белгісіз біреу себепсіз ұрғаны анықталды. Оқиға болған сәтте түсірілген бейнежазба анықталды. Оның негізінде күдіктінің жеке басы белгілі болды. Ер адам полиция бөліміне жеткізілді. Аталған жайт ҚР ҚК-нің 293-бабы 1-бөлігі «бұзақылық» бойынша тіркелді.  Қазіргі уақытта қылмыстық құқықбұзушылық ҚР ҚК-нің 24-бабының 3-бөлігі, 120-бабының 4-бөлігі бойынша қайта сараланды. Күдікті қамауға алынды. Оқиғаның толық мән-жайы анықталуда», - деді полициядан.
ІІМ Telegram-каналының жазуынша, қазір осы іске қатысты бірқатар сараптама тағайындалды.