Алматыда құрылысшының аяғы бетон араластырғышқа қысылып қалды

Алматыда құрылысшының аяғы бетон араластырғышқа қысылып қалды

Алматыда құрылысшының аяғы бетон араластырғышқа қысылып қалды
ашық дереккөзі
Алматы облысында ТЖМ құтқарушылары бетон араластырғышқа аяғы қысылып қалған құрылысшыға көмек көрсетті деп хабарлады turkystan.kz. El.kz ақпарат агенттігінің жазуынша, 2023 жылғы 29 сәуір күні сағат 16:52-де Республикалық жедел-құтқару жасағының кезекші бөліміне құрылыс алаңында адамның аяғы қысылып қалғаны туралы Алматы облысы ТЖД-дан хабарлама келіп түсті. Құмды тиеу жұмыстары кезінде 35 жастағы жұмысшы сәтсіз сүрініп, салдарынан оң аяғы бетон араластырғышта қысылып қалған. Республикалық жедел-құтқару жасағының 5 құтқарушыдан құрылған жедел тобы мен Қонаев қаласы жедел-құтқару жасағының 4 құтқарушысы дереу оқиға орнына барды. Оқыс оқиға Іле ауданындағы Гейт Сити шағынауданында болған. Оқиға орнына келгеннен кейін ТЖМ құтқарушылары болгарканың көмегімен зардап шеккен ер адамның қысылған аяғын босатты, аяғы сынып кеткен екен. Құтқарушылар шок алған ер адамды жедел жәрдем бригадасына тапсырды. Жедел жәрдем бригадасы оны бірден ауруханаға алып кетті.