Қазақстандық БАҚ жаңа технологияларды пайдалануға дайын – АҚШ елшісі

Қазақстандық БАҚ жаңа технологияларды пайдалануға дайын – АҚШ елшісі

Қазақстандық БАҚ жаңа технологияларды пайдалануға дайын – АҚШ елшісі
ашық дереккөзі
Қазақстандағы АҚШ елшісі Дэниел Розенблюм «Жасанды интеллект дәуірі: қазақ медиасын қайта зерделеу» тақырыбы аясында Қазақ тілінде онлайн-контент жасаушылардың VI форумына қатысып, қазақ журналистикасына қатысты пікір білдірді.
«Мен осы шараға келмес бұрын ЖИ (жасанды интеллектке)  құралдарының бірі ChatGPT-ден «Қазақ медиасы жаңа трендтер мен жасанды интеллектке дайын ба?» деп сұрауды жөн көрдім. Ал ол «Әрине, сөзсіз дайын!» деп жауап берді. Оған қоса ChatGPT маған қазақ тіліндегі контенттің рөлі туралы, атап айтқанда YouTube видеолары туралы ақпаратты да берді», - деді АҚШ елшісі.
Дэниел Розенблюм қазақ тілді контенттің дамуында ілгерілеу бар екенін айтты.
«Телебағдарламалар, фильмдер және веб-сериалдар сияқты қазақтілді медиа өнімдер YouTube желісінде танымал болып, қазақ мәдениетінің әртүрлілігін жаһандық аудиторияға паш етуде. Қазақша контенттің бірегей аспектілерінің бірі - өзіндік грамматикасы, сөздік қоры бар қазақ тілінің қолданылуы. Бұған қоса, YouTube желісіндегі қазақстандық контент жасаушылар бейнероликтарына өзіндік көзқарастарын, креативтілігін және әңгімелеу стильдерін қосып, контентті бірегей етеді. «Қазақстандық контентті жасаушылар бірігіп, ынтымақтасу арқылы цифрлық кеңістікте қазақстандық бірегейлікті ілгерілетуге және сақтауға өз үлестерін қосып келеді», - деді ол.
Ол осындай ақпараттарды берген ChatGPT қазақ тіліндегі медиа-контентті қолдауға дайын екенін көрсетіп отыр дейді.
«Қазақстандық БАҚ мамандары жаңа технологияларды қабылдауға дайын. Мен үшін қазақстандық БАҚ одан әрі дамып, инновациялық контент жасау үшін технологиялық жетістіктерді пайдалануға дайын екені анық болып көрінеді. Мен бүгін осында отырған барлық қатысушыларға қазақ бұқаралық ақпарат құралдарын дамытуға және онлайн-контент жасауға деген адалдықтарыңыз үшін алғысымды білдіргім келеді. Сіздердің еңбектеріңіздің әсері мен жемісі көп. Біз болашақта бұдан да көп жетістіктеріңізге куә боламыз», - деп түйіндеді сөзін Д. Розенблюм.