Астанада 29 сәуірде жалпықалалық сенбілік өтеді

Астанада 29 сәуірде жалпықалалық сенбілік өтеді

Астанада 29 сәуірде жалпықалалық сенбілік өтеді
ашық дереккөзі
50926
«Жасыл Астана» бір айлық экологиялық акциясы аясында 29 сәуір күні жалпықалалық сенбілік өтеді деп хабарлады turkystan.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап. Елордада 8 сәуірден 6 мамырға дейін «Жасыл Астана» дәстүрлі экологиялық айлығы өтеді. Оның аясында коммуналдық және жалпықалалық бірнеше сенбілік ұйымдастырылады. Еске салсақ, 8 сәуірде еңбек ұжымдары мен қала тұрғындарының күшімен полигонға 555,58 тонна қалдық шығарылды. Жалпы ауданы 2,5 млн шаршы метрден асатын саябақтар мен скверлер қоқыстан тазартылып, ағаш отырғызылды. Екінші коммуналдық сенбілік 22 сәуір күні өтті. Оған 3 203 адам, 222 кәсіпорын мен ұйым қатысып, 587 арнайы техника жұмылдырылды. Полигонға 246,92 тонна қалдық шығарылды. 29 сәуірдегі сенбілік кезінде ұйымдар мен кәсіпорындардың ұжымдары өз аумағында ағаш отырғызып, қоқыс жинайды, сондай-ақ су айдындарының маңын тазартады.

Серіктес жаңалықтары