50187
Елімізде алдағы үш күнде күн суытады
Елімізде алдағы үш күнде күн суытады
Синоптиктер елімізде 27-29 сәуірде ауа райы қандай болатынына болжам жасады деп хабарлады turkystan.kz.
"Алдағы тәулікте солтүстік-батыс циклонының атмосфералық фронталь бөліктері ықпалынан батыста, солтүстік-батыста, одан кейін шығысқа ауысқан сайын солтүстік, орталық және шығыс облыстарда найзағай ойнап, жаңбыр жауады деп күтіледі. Республика бойынша жел күшейіп, батыс және оңтүстік облыстарда құмды дауыл күтіледі", - делінген хабарламада.Күндіз ауа температурасы біртіндеп көтеріледі: батыс өңірлерде 23-33 градусқа дейін, оңтүстікте 27-35 градусқа дейін, оңтүстік-шығыста 23-30 градусқа дейін. Елдің қалған аумағында 27-28 сәуірде қазіргі температуралық фон сақталады, алайда 29 сәуірде түнде 2-10, күндіз 10-18 градусқа дейін төмендейді.