288
СҚО-да 8 мектеп, 3 балабақша уақытша жабылды
СҚО-да 8 мектеп, 3 балабақша уақытша жабылды
Елімізде жаппай тұмау мен жұқпалы респираторлы вирусты инфекция (ЖРВИ) тіркелуде. Бұл туралы тілшісі ҚР Тұтынушылар құқықтарын қорғау комитетіне сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлады.
«Эпидемиялық маусымның басталуымен, 3 ақпан күні 380 мыңнан астам ЖРВИ, соның ішінде 1831 тұмау жағдайы тіркелді. ЖРВИ-мен ауырғандардың негізгі бөлігін, яғни 65 % 14 жасқа дейінгі балалар құрайды. Салыстырмалы түрде ЖРВИ-мен ауырған оқушылар 20%, тұмаумен ауырған оқушылар 13% болды. Өткен аптада ЖРВИ және тұмаумен ауыру көлемі апталық эпидемиялық шектен асқан жоқ», - делінген хабарламада.
Эпидемияға қарсы жедел шаралар қабылдау мақсатында 1 желтоқсаннан бері халықтың өткір респираторлы жұқпалы инфекциямен және тұмаумен ауыру жағдайына күнделікті мониторинг жүргізілуде. Осы мәселені ескере отырып, тұтынушылар құқықтарын қорғау комитетінің аумақтық бөлімшелерінің кеңесімен білім беру басқармалары эпидемиялық маусым басталғалы 26 тәрбиелеу және білім беру ұйымдарындағы оқу процесін уақытша тоқтатты. Төрт мектепте оқу процесі қайта жалғасты.
3 ақпанға дейін Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарында 8 мектеп пен 3 мектепке дейінгі мекеме уақытша жабылды. Сондай-ақ, СҚО-ның 11 мектебінде ішінара сыныптарда сабақ тоқтатылды.