Қымбат көлік мінетін қырғызстандықтарға 300 доллар салық салынбақ

Қымбат көлік мінетін қырғызстандықтарға 300 доллар салық салынбақ

Қымбат көлік мінетін қырғызстандықтарға 300 доллар салық салынбақ
ашық дереккөзі
297
Қырғызстан билігі қымбат көліктерге салынатын салық мөлшерін жылына 300 долларға дейін арттырмақ. Тиісті заң жобасы қазір парламенттің қарауында жатыр деп хабарлайды 24 арна. Ақпарат көзінің жазуынша, жаңа заң қозғалтқыш көлемі 3 литрден, ал шығарылған мерзімі жеті жылдан асатын темір тұлпарларға қатысты. Бұл елде қозғалтқыштың көлемі үш литрден асатын көліктің үлесі үш пайызды құрайды. Яғни нақты сандарды сөйлетсек, оның саны 100 мыңнан аспайды. Енді осы темір тұлпарларға салынатын салықтың мөлшері қозғалтқыштың көлемі мен шығарылған мерзіміне байланысты болмақ. Демек, жүргізушілер жылына 300 долларға дейін төлем жасауы мүмкін. "Құны 100 мың доллардан асатын көлік саны жыл сайын артып келеді. Бұл темір тұлпарлардың иелері осыншама салық төлеуге қауқарлы деп ойлаймын", - дейді жүргізуші Игорь Сайфулин. Елдің экономика министрлігінің болжамынша, қымбат көліктерге салық салынатын болса, жылына ел қазынасына 190 млн сом қаржы түспек. Бұл шамамен 1 млрд теңге. Осылайша шенеуніктер әлеуметтік әділет орнатпақ. Мұнымен парламент депутаты Дастан Бекешев те келіседі. "Мен былай істеуді ұсынып отырмын. Көлігіңмен қанша жүрсең, сонша төлеу керек. Яғни көп бензин құйдың ба, сәйкесінше салық төле. Өйткені біздің қоршаған ортамыз жыл сайын нашарлап келе жатыр", - дейді депутат. Қымбат көліктерге салық салу туралы заң жобасын депутаттар алғашқы оқылымда қабылдады. Айта кету керек, қозғалтқыш көлемі үш текше метрден асатын, бірақ «люкс» санатына жатпайтын көліктерге жаңа салықтың қатысы жоқ.

Серіктес жаңалықтары