Путинді балағаттаған АҚШ журналисінің басы дауға ілінді

Путинді балағаттаған АҚШ журналисінің басы дауға ілінді

Путинді балағаттаған АҚШ журналисінің басы дауға ілінді
ашық дереккөзі
224
Ресей президенті Владимир Путинге орынсыз тіл тигізді деген айыппен Мәскеу Fox News телекомпаниясының тілшісін жауапкершілікке тартпақ. Ресей тарапы атақты телекомпания Путиннен кешірім кешірім сұрауы тиіс деп есептейді. Бұл жөніндеРесей басшысының баспасөз хатшысы Дмитрий Песков мәлімдеді деп хабарлайды РИА Новости. "Fox News тілшісі тарапынан мұндай сөздерді орынсыз тіл тигізу деп қабылдаймыз. Шындығын айтқанда, осындай құрметті телекомпанияның президенттен кешірім сұрағанын қалаймыз", — деп мәлімдеді  Песков тілшілерге. Еске сала кетейік, АҚШ президенті Дональд Трамп Fox News телеарнасының жүргізушісі Билл О'Рейлиге берген сұхбатында Ресей президентін құрметтейтіндігін айтқан. Ал тілші болса, Батыстың Мәскеу мен Путинге таққан айыптарын еске салып, Ресей көшбасшысын "қанішер" деп атады.

Серіктес жаңалықтары