Рыбакина әлемнің алтыншы ракеткасы атанды

Рыбакина әлемнің алтыншы ракеткасы атанды

Рыбакина әлемнің алтыншы ракеткасы атанды
ашық дереккөзі
Қазақстанның көшбасшы теннисшісі Елена Рыбакина әлемнің алтыншы ракеткасы атанды деп хабарлады turkystan.kz. Әйелдер теннисі қауымдастығының (WTA) live рейтингінде Е.Рыбакина жетіншіден алтыншы орынға көтерілді. Бұған дейін дүниежүзілік рейтингте 4-сатыда тұрған Тунис өкілі Онс Жабер жарақатына байланысты Испания астанасы Мадридте өтіп жатқан WTA 1000 турниріне қатысудан бас тартты. Мадрид жарысының өткен жылғы чемпионы О.Жабер биыл сол атағын қорғауға тиіс болатын. Сондықтан ол дода біткеннен кейін 1 мың рейтингілік ұпайынан айырылады. Тунистік теннисші өткен аптада Штутгарт WTA 500 жарысының жартылай финалына дейін жетіп, онда 20 минуттай ойнап, жарақаты салдарынан матчты жалғастыра алмаған еді. Е.Рыбакинаның Мадридте табысты өнер көрсетсе, әлемдік рейтингіде бұдан да жоғарылауына мүмкіндігі бар. Еске сала кетейік, бұдан бұрын Елена Рыбакинаның Мадрид мастерс турнирінде бақ сынайтынын жазған болатынбыз. Сондай-ақ қазақстандық теннисші Мадрид турнирінің іріктеу сайысында жеңіліп қалды