50620
Елімізде 55 304 теңге жәрдемақы қандай отбасыларға беріледі?
Елімізде 55 304 теңге жәрдемақы қандай отбасыларға беріледі?
Жыл басынан бері көпбалалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақымен орта есеппен 538,3 мың отбасы қамтылды, оларға жалпы сомасы 101,1 млрд теңге мөлшерінде қаржы үлестірілді деп хабарлады turkystan.kz Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап.
Мәлімет бойынша, оның ішінде наурыз айында 544,3 мың отбасына 34,3 млрд теңге мөлшерінде жәрдемақы төленді.
«Бұл мемлекеттік жәрдемақыға 4 және одан да көп бірге тұратын кәмелетке толмаған немесе 23 жасқа дейінгі күндізгі бөлімде оқитын студент балалары бар отбасылар табысына қарамастан үміткер бола алады.Төлем мөлшері бала санына қарай есептеліп төленеді. Көпбалалы отбасыларындағы: - 4 баласы бар отбасыларға – 16,03 АЕК немесе 55 304 теңге; - 5 балаға – 20,04 АЕК немесе 69 138 теңге; - 6 балаға – 24,05 АЕК немесе 82 973 теңге; - 7 балаға – 28,06 АЕК немесе 96 807 теңге; - 8 және одан да көп баласы бар отбасыларға – әр балаға 4 АЕК немесе 13 800 теңге мөлшерінде» деп жазды министрліктен.