Универсиада-2017: 7 ақпандағы жарыстар кестесі

Универсиада-2017: 7 ақпандағы жарыстар кестесі

Универсиада-2017: 7 ақпандағы жарыстар кестесі
ашық дереккөзі
152
28-ші Қысқы Универсиада ойындары екі күннен соң өз мәресіне жетеді. Ертең Қазақстан құрамасы шорт-тректен медальға таласады. Биатлоншылар алтын үшін бақ сынайды, ал хоккейшілер финалға өту үшін Чехия командасымен кездеседі. Назарларыңызға ертеңгі ойындар кестесін ұсынамыз. Таушаңғы спорты. Слалом. Ерлер; Қатысушы (Қазақстаннан): Захар Кучин, Сергей Данов, Алексей Сысоев; Басталуы: Астана уақытымен сағат 10:00-де «Хабар» арнасы. Сноуборд. Биг-эйр. Ерлер; Қатысушы (Қазақстаннан): Степан Деонисьев, Александр Алексеев, Глеб Кармозин; Басталуы: Астана уақытымен сағат 11.30-да. Биатлон. Масс-старт. Әйелдер12,5 шақырым, ерлер 15 шақырым; Қатысушы (Қазақстаннан): Василий Подкорытов, Владислав Витенко, Галина Вишневская, Елизавета Бельченко, Максим Браун, Антон Пантов, Тимур Куц, Дарья Усанова, Александра Сасина, Роман Еремин, Тимур Хамитгатин, Сергей Сирик, Алина Слепенко, Алина Райкина, Анна Кистанова, Анастасия Кондратьева. Басталуы: Астана уақытымен әйелдер сағат 12.00-де, ерлер сағат 15.00-де («Хабар»). Шаңғы жарысы. Масс-старт. Әйелдер 15 шақырымға. Қатысушы (Қазақстаннан): Анна Шевченко, Анна Стоян, Ольга Мандрик, Ангелина Шурыга, Марина Матросова, Валентина Эбель; Басталуы: Астана уақытымен сағат 13.30-да. Шорт-трек. Ерлер, әйелдер 1000 метр. Ерлер эстафетасы (5000 метр), әйелдер (3000 метр) Қатысушы (Қазақстаннан): Нұрберген Жұмағазиев, Абзал Әжіғалиев, Айдар Бекжанов, Денис Никиша, Мерсаид Жақсыбаев, Нұртілек Қажығали, Ольга Тихонова, Ким Лонг А, Мадина Жанбосынова Крестова Анастасия, Анита Нагай, Роман Письман; Басталуы: Астана уақытымен сағат 14.00-де. Фристайл. Ски кросс. Ерлер, әйелдер; Қатысушы (Қазақстаннан): Айжан Сапиянова, Данил Бабакин, Олжас Қайрат, Мәди Алдабергенов, Антон Муллаев; Басталуы: Астана уақытымен сағат 14.00-де. Шайбалы хоккей. Ерлер. Жартылай финал; Қатысушы (Қазақстаннан): Ресей – Канада; Басталуы: Астана уақытымен сағат 16.00-де («Хабар»). Шайбалы хоккей. Ерлер. Жартылай финал; Қатысушы: Қазақстан – Чехия; Басталуы: Астана уақытымен 19:30-да.

Серіктес жаңалықтары