Головкин WBO рейтингісінде көш бастады

Головкин WBO рейтингісінде көш бастады

Головкин WBO рейтингісінде көш бастады
ашық дереккөзі
Дүниежүзілік бокс ұйымы (WBO) барлық салмақ дәрежесіндегі боксшылар рейтингін жаңартты деп хабарлады turkystan.kz Prosports.kz-ке сілтеме жасап. Қазақстандық боксшылардың жаңа рейтингідегі орны: Екінші орта салмақта Али Ахмедов бір саты жоғарылап, 11-сатыға жайғасты. Бұл дивизионда WBO нұсқасы бойынша әлем чемпионы, мексикалық Сауль «Канело» Альварес болса, үздік үштікте Деметриус Андраде (АҚШ), Эрик Базинян (Канада) және Диего Пачеко (АҚШ) тұр. Орта салмақта чемпиондық белбеу Жәнібек Әлімханұлына тиесілі. Бұл салмақта Геннадий Головкин бірінші орында тұр, одан кейін британиялық Лиам Смит пен мексикалық Хайме Мунгия жайғасқан. WBO International титулының иегері Мейірім Нұрсұлтанов төртінші қатардан көрінді. Екінші жартылай жеңіл салмақта Сұлтан Зәуірбек 15-орынды сақтап қалды. Рейтингте британиялық Арчи Шарп көш бастап тұр, екінші, үшінші орынға мексикалық Оскар Вальдес пен америкалық Альберт Белл жайғасқан. Бұл салмақта WBO нұсқасы бойынша әлем чемпионы, мексикалық Эмануэль Наваррете.