50415
33 градус ыстық: алдағы үш күнде ауа райы қандай болады?
33 градус ыстық: алдағы үш күнде ауа райы қандай болады?
Синоптиктер 25-27 сәуірде ауа райы қандай болатыны туралы болжам жасады деп хабарлады turkystan.kz Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
Қазгидромет мәліметінше, алдағы тәуліктерде атмосфералық бөліктердің өтуімен республиканың батысында, оңтүстігінде, солтүстік облыстарында жаңбыр жауады. Оңтүстік-шығыста, шығыста түнде жауын-шашын болады. Елдің қалған бөлігі батыс антициклонының ықпалында болып, жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.
"Республика бойынша тұман күтіледі. Батыста және оңтүстік облыстарда жел күшейіп, күн күркіреп шаңды дауыл тұрады. Шығыста түнде көктайғақ, күндіз оңтүстік-шығыста бұршақ жаууы мүмкін. Күндіз ауа температурасы батыс өңірлерде 23-30-ға дейін, солтүстік-батыста, солтүстікте және елдің орталығында 20-27-ге дейін, шығыста 15-23-ке дейін, оңтүстікте 25-33-ке дейін, оңтүстік-шығыста 17-25-ке дейін жылынады", - делінген хабарламада.