Қыркүйектен бастап педагогтердің жалақысы тағы өсе ме?

Қыркүйектен бастап педагогтердің жалақысы тағы өсе ме?

Қыркүйектен бастап педагогтердің жалақысы тағы өсе ме?
ашық дереккөзі
Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту педагогтерінің жалақысы өсуі мүмкін. Бұл туралы «Ашық» НҚА порталында жарияланған Үкімет қаулысының жобасында жазылған деп хабарлады turkystan.kz.
«Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту педагогтерінің лауазымды айлық мөлшері мына түзету коэффициентін қолдана отырып айқындалады: - 2023 жылғы 1 қыркүйектен бастап 1,3 мөлшерде», - делінген құжатта.
Қаулы жобасына қосымша берілген түсіндірмеде жазылғандай, педагогтердің жалақысын көтеру - аталған саланы таңдайтын жастар қатарының көбеюіне және мұғалімнің беделін арттыруға ықпал етпек.
«Жобаның мақсаты - педагогтің өмір сүру жағдайларын жақсарту және оның әлеуметтік мәртебесін арттыру, сондай-ақ мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту мұғалімінің беделі. Нәтижесінде педагог мамандығы педагогикалық қызметтер нарығында сұранысқа ие мамандықтардың біріне айналады», - деп түсіндірме берілген Үкімет қаулысына.
Құжат 5 мамырға дейін көпшілік талқылауда болады.