50560
Тағы бір мемлекетте жойқын жер сілкінісі болды
Тағы бір мемлекетте жойқын жер сілкінісі болды
Индонезияда екі жойқын жер сілкінісі тіркелді деп хабарлады turkystan.kz Еуропалық Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығының (EMSC) сайтына сілтеме жасап.
Мәлімет бойынша, жер сілкінісі 23 сәуірде Кепулауан Бату архипелагы маңында болған.
Алғашқы дүмпу таңертең тіркелген, оның магнитудасы - 6,1 балл. Араға бірнеше сағат салып, 5,8 баллдық дүмпу сезілген. EMSC мәліметінше, жер сілкінісінің ошағы 43 шақырым тереңде орналасқан.
Жер сілкінісінің эпицентрі Падангтан батысқа қарай 202 шақырымда, 840 мың халқы бар жерде және Париаманнан батысқа қарай 177 шақырымда, 92 мың халқы бар жерде болған.