Өскеменде блефаропластика жасатуға барған әйел көз жұмды

Өскеменде блефаропластика жасатуға барған әйел көз жұмды

Өскеменде блефаропластика жасатуға барған әйел көз жұмды
ашық дереккөзі
50243

Өскеменде сұлулық салонында ота жасатқан әйел жансақтау бөліміне түсіп, көз жұмды деп хабарлады turkystan.kz baq.kz сайтына сілтеме жасап.

1962 жылы туған әйел көзге блефаропластикалық ота жасату мақсатында сұлулық салонына барған. Сұлулық салонының қызметкерінде медициналық және өзге де қызметті жүргізуге лицензиясы мен рұқсаты жоқ болса да, процедураны жасаған. Кейін әйелдің жағдайы күрт нашарлап, ауруханаға жеткізілген. Ол жансақтау бөлімінде есін жинамастан қайтыс болды.

Осы оқиғаға қатысты полиция қызметкерлері 16 сәуірде ҚР Қылмыстық кодексінің 322-бабының 3-бөлігінде көзделген қылмыс белгілері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдарын бастады.

Қала прокуратурасы сұлулық салондарына және басқа да косметикалық процедуралармен байланысты қызмет көрсететін орындарға барған кезде абай болуды ескертті.

Серіктес жаңалықтары