50434
Ұлттық банк доллар мен рубльдің бүгінгі бағамын белгіледі
Ұлттық банк доллар мен рубльдің бүгінгі бағамын белгіледі
Ұлттық банк доллар мен рубльдің 21 сәуірге арналған бағамын белгіледі деп хабарлады turkystan.kz.
1 доллардың құны – 455, 63 теңге, Ресей рублінің орташа сараланған бағамы - 5,58 теңге.
20 сәуір кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 0, 22 теңгеге төмендеп, 455,81 теңге болған.
Ресей валютасы 5,58 теңге болды.
Kurs.kz мәліметі бойынша, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 452,5 – 455,5 теңгеден сатылып жатыр.
Ал Алматыда доллар 453– 456 теңге аралығында құбылып тұр.
Дәл қазіргі уақытта Алматыдағы ақша айырбастау орындарында Ресей валютасын 5,45 – 5,65 теңгеге сатып алуға болады.
Астанада көрші ел валютасы 5,43 – 5,53 теңгеден саудаланып жатыр.