«Қазтелерадио» АҚ үздіксіз және сапалы телерадио хабарларын таратуды қамтамасыз ету мақсатында тоқсан сайын жерсеріктік, цифрлық және аналогты эфирлік желілердің техникалық құралында сервисті жаба отырып, жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізеді. «Осыған байланысты, 21 cәуір күні сағат 03:00 мен 17:00 аралығында жерсеріктік, цифрлық және аналогты эфирлік желілердің телерадио хабарларын таратуды өшіре отырып, жоспарлы профилактикалық жұмыстар жүргіземіз», – делінген хабарламада.«Қазтелерадио» уақытша қолайсыздық үшін кешірім өтінеді.
Қазақстанда телерадиоарналар хабар таратуын тоқтатты

Қазақстанда телерадиоарналар хабар таратуын тоқтатты
Қазақстанда 21 сәуір күні телерадиоарналар хабар таратуын тоқтатты деп хабарлады turkystan.kz.