Түркістан облысында күдіктілер 15 жастағы қызды қалай өлтіргенін айтып берді

Түркістан облысында күдіктілер 15 жастағы қызды қалай өлтіргенін айтып берді

Түркістан облысында күдіктілер 15 жастағы қызды қалай өлтіргенін айтып берді
ашық дереккөзі
50362
Түркістан облысында 9-сынып оқушысын пышақтап, денесін суға тастаған қос күдікті қылмысты қалай жасағанын айтып берді деп хабарлады turkystan.kz КТК арнасына сілтеме жасап. Төрткүл ауылындағы мектептің 11-сынып оқушысы мен оның 19 жастағы сыбайласы марқұм Аружан Орынбайға ұқсас қыздың жартылай жалаңаш фотосын интернеттен тауып алған. Сол суретті бүкіл ауылға жаймас үшін Аружаннан ақша бопсаламақ болыпты. Бірақ, екі арада жанжал шығып, олар 15 жастағы оқушыны өз үйінің артында пышақтап тастаған. Ал денесін арыққа ағызып жіберген. Бүгін олар қылмысты қалай жасағанын айтып, тергеушілерге оқиға орнын көрсетті. Күдіктілер өз кінәсін мойындап, қылмыс әрекетін қалай жасағанын оқиға орнында нақтылап көрсетті. Бүгінгі таңда екі жігіт қамауда. Оларға қатысты ҚР ҚК-нің 99-бабы, 2-бөлігімен «адам өлтіру» бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

Серіктес жаңалықтары