192
Маңғыстау 1жылда қазынаға 600 млрд теңгедей қаражат түсірді
Маңғыстау 1жылда қазынаға 600 млрд теңгедей қаражат түсірді
Маңғыстау облысы мемлекеттік кірістер департаменті бір жылдағы жұмыстың қорытындысын шығара отырып, мемлекеттік бюджетке түсім жоспарын орындау бойынша тапсырманың орындалғанын (102,2%) және мемлекеттік қазынаға жарты триллионнан астам қаражат аударылғанын айтты, деп хабарлады «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
«Салық және кеден қызметінің негізгі функцияларының бірі - мемлекет қаржысын толықтыру және осы міндетті облыстың фикстік органы сәтті орындауда. Ел қазынасына салықтар мен төлемдердің түсуі тұрақты түрде артуда. Сонымен, 2016 жылғы қорытынды бойынша шоғырландырылған бюджетке салықтар мен төлемдер түсімі 595, 3 млрд. теңгені құрайды (оның ішінде: Ұлттық қорға - 268,4 млрд.; республикалық бюджетке - 201,1 млрд.; жергілікті бюджетке - 125,8 млрд.)», - деп атап өтті департаменттің бас маманы Мақсұт Ақмұратов.