50262
Оңтүстік аймақтарда аяз болуы мүмкін
Оңтүстік аймақтарда аяз болуы мүмкін
Қазақстанның басым бөлігінде 20 сәуір күні жауын-шашын болмайды деп хабарлады turkystan.kz «Қазгидромет» РМК-ге сілтеме жасап.
Елдің батысында, солтүстік-батысы мен шеткі шығысында атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты қар немесе жаңбыр жаууы ықтимал.
Батыста, оңтүстік пен шығыста жел күшейеді.
Елдің басым бөлігінде тұман түседі.
Оңтүстік мен оңтүстік-батыста шаңды дауыл тұрса, солтүстік-батыста күндіз найзағай ойнауы мүмкін.
Жетісу облысы аумағының басым бөлігінде түнде 2-7 градусқа дейін аяз болуы ықтимал. Жамбыл облысының таулы аймақтарында, сондай-ақ Түркістан облысының солтүстігі мен таулы жерлерінде ауа температурасы 1-3 градусқа дейін төмендейді. Ал Алматы облысының солтүстігі мен батысында, Қызылорда облысының солтүстігінде топырақ бетіндегі температура 2-3 градусқа дейін салқындайды.