Адам саудасымен айналысты деген күдікті ұсталды

Адам саудасымен айналысты деген күдікті ұсталды

Адам саудасымен айналысты деген күдікті ұсталды
ашық дереккөзі
246
Қарағандыда Өзбекстан азаматшасын сексуалды құлдыққа сатты деген күдікпен Ресей Федерациясының азаматы ұсталып, екі айға тергеу изоляторына қамалды. «Тергеу органының, ішкі істер департаменті тергеушісінің өтініш хаты қанағаттандырылды. Күдіктіге қатысты екі ай мерзімге «қамауға алу» бұлтартпау шарасы қолданылды», - деп хабарлады Қарағанды қаласы №1 Қазыбек би аудандық сотының баспасөз қызметі. Ресей азаматы Қылмыстық кодекстің 128-бабы «Адам саудасы» және 149-бабы «Тұрғын үйге қол сұқпау құқығын бұзу» бойынша екі қылмысты жасауда күдікті болып отыр. Тергеу нұсқасы бойынша, жәбір көрген қыз жұмыс істеп, ақша табу мақсатында Өзбекстаннан Қазақстанға келген, алайда сексуалды құлдыққа түскен. Оның құжаттарын тартып алып, Алматыдағы жалдамалы пәтерде ұстаған. Тергеушілердің айтуынша, қызды 28 жастағы Ресей азаматы күштеп ұстаған. Алматыда бірнеше ай жезөкше болып жұмыс істеген соң, Ресей азаматы қызды қарағандылық жеңгетайларға сатқан. Сома көлемі жарияланған жоқ. Қарағанды облысы ішкі істер департаментінің полицейлері Өзбекстан азаматшасын босатты. ІІД баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасының қызметкерлері жедел ақпарат көздерінен тұтқын қыз туралы естіп, шетелдік қызды сексуалдық құлдықтан босатқан және Ресей Федерациясы азаматын ұстаған. Бұлтартпау шарасын қолдану кезінде қызды сату туралы барлық деректер және оның анкеталық деректері құпияландырылды. Ресей азаматынан бөлек, сауда мен жеңгетайлыққа атсалысқаны үшін 37 жастағы қарағандылық пен 30 жастағы шахандық әйел күдікті деп танылды. Оларға қатысты бұлтартпау шарасы әлі анықталған жоқ.

Серіктес жаңалықтары