Петропавлда 67 жастағы әйел бесінші қабаттан құлап кетті

/
Петропавлда 67 жастағы әйел бесінші қабаттан құлап кетті
ашық дереккөзі
Петропавлда 67 жастағы әйел бесінші қабаттан құлап кетті

18 сәуір Петропавлда 5-қабаттан 67 жастағы әйел құлап, алған жарақаттарынан оқиға орнында қайтыс болды деп хабарлады turkystan.kz.

«Бұл факт ҚР ҚК 105-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелді», - делінген Петропавл қаласы ПД баспасөз қызметінің хабарламасында.

Қазір істің мән-жайларын жан-жақты зерттеуге бағытталған тергеу әрекеттері жүргізілуде, олардың нәтижелері бойынша түпкілікті процестік шешім қабылданатын болады.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары