Астанада Сирия келіссөзіне байланысты кездесу өтуде

Астанада Сирия келіссөзіне байланысты кездесу өтуде

Астанада Сирия келіссөзіне байланысты кездесу өтуде
ашық дереккөзі
231
Астанада Сириядағы ахуалды реттеуге байланысты халықаралық кездесу өтіп жатыр. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Әнуар Жайнақов мәлім етті. «Астанада сириялық жағдайды реттеу бойынша Ресейден, Ираннан келген сарапшылардың, сондай-ақ БҰҰ өкілдерінің қатысуымен үшжақты халықаралық кездесу өтіп жатыр. Мұнымен қоса, Иордания өкілдерінің де қатысуы күтілуде. Күн тәртібіне жауынгерлік іс-қимылдарды тоқтату туралы режімді сақтау, оқ атуды доғару уағдаластығын бекіту жөніндегі қаруланған сириялық оппозицияның ұсынысын талқылау, әскери іс-қимылдарды тоқтату режімін қолданудың нақты параметрлерін айқындау тақырыптарын талқылау енгізілген»,-деді Жайнақов. Бұл тұрғыда ағымдағы жылдың 23-24 қаңтарында Астанадағы келіссөздерде қол жеткізілген келісімде ескерілген қадамдар қамтылған, яғни оқ атуды тоқтату режіміне үшжақты бақылауды құру мәселесі қарастырылады. Оның сөзіне қарағанда, халықаралық кездесу нәтижесі бойынша арнайы брифинг өткізу жоспарланып отыр.

Серіктес жаңалықтары