СҚО-да белгісіз біреулер ауыл зираттарын бүлдіріп кеткен

СҚО-да белгісіз біреулер ауыл зираттарын бүлдіріп кеткен

СҚО-да белгісіз біреулер ауыл зираттарын бүлдіріп кеткен
ашық дереккөзі
Солтүстік Қазақстан облысында белгісіз біреулер қасиетті Рамазан айында бейіттерді қиратып, жан-жағын шашып кеткен. Жергілікті тұрғын мәселе бойынша полицияға арызданған деп хабарлады turkystan.kz «Халық үні» сайтына сілтеме жасап. СҚО Полиция департаменті оқиғаға қатысты түсініктеме берді.
«17 сәуірде СҚО Айыртау ауданының ПБ-не 61 жастағы Көкшетау қаласының тұрғыны 2023 жылдың басынан 15 сәуірге дейінгі аралықта белгісіз біреулер Айыртау ауданы Жұмысшы ауылының маңындағы зиратта орналасқан ата-анасының бейітін қорлағанын айтып арызданған», - делінген хабарламада.
Оқиға орнына жедел-тергеу тобы аттанды. Бұған дейін бейітте темір қоршаудың бір бөлігінің жоқ екені анықталған. Сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазір жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізіліп жатыр.