Қарағандыда эскалаторда тұрған адамды белгісіз біреу теуіп құлатқан

Қарағандыда эскалаторда тұрған адамды белгісіз біреу теуіп құлатқан

Қарағандыда эскалаторда тұрған адамды белгісіз біреу теуіп құлатқан
ашық дереккөзі
Қараған қаласында эскалатормен түсіп бара жатқан ер адамды бейтаныс біреу арқасынан теуіп жіберген. Жартылай жығыла баспалдақпен төмен жүгірген ер адам еденге құлағанда есінен танып қалған деп хабарлады turkystan.kz Рolisia.kz-ке сілтеме жасап. Оқиға қаладағы «Сити Мол» сауда үйінде болған. «Қарағанды қаласының 25 жастағы тұрғынына дене жарақаттарын келтіру дерегіне байланысты ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы 1-бөлігіне сәйкес қылмыстық іс тіркелді. Полиция қызметкерлері жүйке жүйесінде ақауы бар 31 жастағы тұрғынды анықтап, оны психоневрологиялық диспансерге орналастырды», - делінген полиция хабарламасында.