51006
Қадір түнінде қандай амалдар жасаған дұрыс
Қадір түнінде қандай амалдар жасаған дұрыс

Айлардың сұлтаны Рамазан айы болса, түндердің ең қасиеттісі Қадір түні болып саналады. Өйткені бұл түні Құран Кәрімнің аяттары түсе бастаған. Қадір түні жасалған ғибадат 83 жылдық сауапқа пара-пар. Биыл мұсылман жұрты Қасиетті Қадір түнін 17 сәуірден 18 сәуірге қараған түні күтеді.
«Қадір» деген сөз араб тілінен «тағдыр» деген мағына береді. Сол себепті бұл түнде адамның бір жылдық тағдыры ғана емес, ризық-несібесі де жазылады.
Қасиетті түні періштелер мұсылмандарға дұға оқып, тілеулес болады. Жасалған ғибадаттың мың айға, яғни, сексен үш жылға тең болатындығына байланысты мұсылмандар Қадір түнін құлшылықпен өткізуге тырысады.
Қадір түнінде не істеу керек?
- Біріншіден, Алла Тағалаға құлшылық жасап, намаз оқу керек.
- Екіншіден, Құран оқып, оның мағынасын терең түсініп, үйреніп, үйрету қажет.
- Үшіншіден, діни білім алып, уағыз тыңдап, шариғат үкімдерін бойға сіңірген жөн.
- Төртіншіден, тәспі тартып, зікір салу керек.
- Бесіншіден, діни кітаптарды оқып, діни фильмдер көрген жөн.
- Алтыншыдан, көп дұға қылып, тілек тілеген абзал.
- Жетіншіден, мүмкіндігінше мешітке келіп, Қадір түнінің құрметіне намаз оқыған дұрыс. Ескерте кететін жайт, мешітке келген кезде дүние сөзін сөйлемеу керек. Басқаларға бөгет жасамаған жөн.
Дереккөз muftyat.kz сайтынан алынды