Желіде атыраулық жасөспірімнің аяусыз соққыға жығылған видеосы тарады

Желіде атыраулық жасөспірімнің аяусыз соққыға жығылған видеосы тарады

Желіде атыраулық жасөспірімнің аяусыз соққыға жығылған видеосы тарады
ашық дереккөзі
50333
Әлеуметтік желіде атыраулық бір топ жасөспірімнің қатарласын аяусыз соққыға жыққан видеосы тарады деп хабарлады turkystan.kz. Видеоны желі қолданушысы Аликош Романова Facebook-тегі парақшасында жүктеді. Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға 11 сәуірде болған.
«Атырау қаласындағы колледж жатақханасының жанында 2007 жылғы жасөспірімге дене жарақаты салынған. Осы дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексі 293-бабының 2-бөлігіне сәйкес тергеу жүргізу басталды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Күдікті ретінде 2006 және 2007 жылғы жасөспірімдер ұсталды. Олар Атырау қаласындағы №2 полиция бөліміне жеткізілді», - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Серіктес жаңалықтары