AMANAT-тың «Кедергісіз келешек» жобасы жалғасып жатыр

AMANAT-тың «Кедергісіз келешек» жобасы жалғасып жатыр

AMANAT-тың «Кедергісіз келешек» жобасы жалғасып жатыр
ашық дереккөзі
50464
«AMANAT» партиясының «Кедергісіз келешек» жобасы аясында еліміздің түкпір-түкпірінде мониторинг жұмысы жүргізіліп жатыр. Мұндағы мақсат – ерекше қажеттілігі бар жандардың өмір сапасын арттыру және оларға қолайлы орта қалыптастыру. Мәселен, елордада мониторинг тобы «City» емханасында және Балаларды оңалтудың ұлттық орталығында болды.  width=
«Ерекше қажеттілігі бар жандардың кез келген жерге кедергісіз кіріп-шығуы – аса маңызды мәселе. Өкінішке қарай, кіре берістегі қолайсыздыққа байланысты ескерту алған мекемелер де бар. Біз бәрін анықтап, тиісті органдарға арнайы анықтама жібереміз», – деді партияның Астана қалалық филиалындағы «Кедергісіз келешек» жобасының жетекшісі Бәзілхан Әбдіғани.
 width= Тексеру барысында мониторинг тобы бірқатар кемшілікті анықтап, ескерту жасады. Сондай-ақ, оны жою бойынша ұсыныс-пікір қалдырды. Ал партияның Жамбыл облыстық филиалы жанынан құрылған жұмыс тобы алдымен облыстық сот ғимаратына барып, пандустардың бар-жоғын анықтады. Бұған қоса, арнайы аяқпен немесе таяқпен сезілетін тактильді рельефті бағыттаушы жолақтардың, зағиптарға арналған оқу тақталарының, автотұрақтағы сары бояумен сызылған арнайы орындардың, ғимарат ішіндегі арнайы әжетхананың және пандустағы дабыл түймесінің болуы назарға алынды.  width=
«Біз мониторинг жүргізген нысандардың басым бөлігі талапқа сай жабдықталған. Бұл – аталған жоба аясында жылдар бойы атқарылып келе жатқан жұмыстың нәтижесі. Жыл соңына дейін Тараз қаласы мен аудандарда 259 нысанды бейімдеу жоспарланған. Олардың барлығы «AMANAT»-тың назарында болады», – деді партияның Жамбыл облыстық филиалы Саяси жұмыс бөлімінің меңгерушісі Берік Телеушов.
 width= Бұл жұмыс облыс орталығындағы  «КМФ банк», «Отбасы банк», 2-ші қалалық емхана, «Болашақ» колледжінде де жалғасты. Мониторинг тобы мүмкіндігі шектеулі жандардың ғимаратқа емін-еркін кіріп шығуына жағдай жасалуын және мекемедегі санитарлық-тұрмыстық орынның талапқа сай келуін назарға алды.  width= Абай облысында құрамына партия мүшелері, облыстық және қалалық мәслихат депутаттары, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, кәсіпкерлер енген мониторинг тобы Семей қаласындағы мүмкіндігі шектеулі жандарға жасалған жағдаймен танысты.
«Бірқатар мекеме басшысына ескерту жасалды. Орын алған олқылықтар тез арада ретке келтіріледі. Оны мониторинг тобы бақылауға алады. Былтыр Семейдегі 53 нысанға тексеру жүргізілді. Бұл жұмыс биыл да жалғасады», – деді партияның облыстық филиал қызметкері Саят Қайрқанов.
Айта кетейік, «AMANAT» партиясының Абай облысы бойынша 2023-2027 жылдарға арналған бағдарламасында ерекше қажеттілігі бар адамдарды қамқорлыққа алуға, олардың өмір сүру жағдайын жақсартуға ерекше көңіл бөлінген. Алдағы уақытта аймақта мүмкіндігі шектеулі жандарға қолайлы орта қалыптастыруға көп күш салынып, тың бастамалар қолға алынады.  width= Ал партияның Ақмола облыстық филиалының мониторинг тобы Көкшетау қаласындағы орта білім беретін мекемелерді аралап, жыл соңына дейін бейімделетін нысандардың қазіргі жай-күйін бақылады. Мониторинг барысында ғимараттар мен оған іргелес аумақтар ерекше қажеттілігі бар адамдарға қаншалықты қолайлы екеніне мән берілді. Биыл облыста партияның сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыру аясында 192 нысанды бейімдеу жоспарланып отыр. Оның 23-і – облыс орталығында орналасқан.  width=  width=

Серіктес жаңалықтары