Ел экономикасы ғылым мен инновацияға негізделуі тиіс – Тілекқабыл Рамазанов

Ел экономикасы ғылым мен инновацияға негізделуі тиіс – Тілекқабыл Рамазанов

Ел экономикасы ғылым мен инновацияға негізделуі тиіс – Тілекқабыл Рамазанов
ашық дереккөзі
50265
Қазақстанда ғылымның биотехнология, IT технология мен нанотехнология салаларының дамуына ден қойылуы керек. Бұл туралы ҚР ҰҒА академигі, физика-математика ғылымының докторы, профессор Тілекқабыл Рамазанов айтты деп хабарлады turkystan.kz.
«Көбінесе нанотехнология негізінде жаңа материалдар алуымыз қажет. Ол үшін іргелі ғылымдарды дамыту маңызды. Біз осы жағынан артта қалып отырмыз. Бізде ғалымдардан бірден нәтиже сұралады. Ал іргелі ғылым дамымай, ғалымда нәтиже болмайды. Жалпы, іргелі ғылым қолданбалы ғылымның дамуына әсер етеді. Ол өз кезегінде инновациялық ғылымға ұласып, экономикаға пайдасын тигізеді. Ел дамимын десе, бірінші экономиканы қолға алған жөн деп санаймын. Ал экономика ғылым мен инновацияға негізделуі тиіс», - деді ол.
Айтуынша, қазір бөлінетін гранттық қаржы ғылым саласы үшін аз. Қазақстанда бұл салаға жалпы ішкі өнімнің кем дегенде 2 пайызын бөлу керек.
«Әлемдік тәжірибені алып қарасақ, дамыған мемлекеттердің бәрі бірінші ғылымға баса назар аударады. Өркениетті ел боламыз десек, ғылымға жеткілікті көңіл бөлгеніміз дұрыс. Қазір аталмыш салаға бөлінетін бюджет артты. Бірақ барлығы дерлік ғалымдарға жетіп жатқан жоқ. Мәселен, АҚШ пен Германия ғылымға ЖІӨ-нің 3-4 пайызын бөлсе, ал Қазақстан жыл сайын ЖІӨ-нің 0,13 пайызын бөледі. Егер әлемдік деңгейге сәйкес болсақ, біз ғылымнан халықаралық дәрежедегі нәтижелерді алатын боламыз», - деді Тілекқабыл Рамазанов.
 

Серіктес жаңалықтары