Астанада Гейдар Әлиев атындағы көше салтанатты түрде ашылды

Астанада Гейдар Әлиев атындағы көше салтанатты түрде ашылды

Астанада Гейдар Әлиев атындағы көше салтанатты түрде ашылды
ашық дереккөзі
50378
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев Астананың орталығындағы Гейдар Әлиев атындағы көшені салтанатты түрде ашты деп хабарлады turkystan.kz  Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап. Мемлекет басшысы былтыр Әзербайжанға ресми сапары барысында Ильхам Әлиевпен мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты нығайту жөнінде келісімге келгенін еске салып, бұл, ең алдымен, екі елдің достық қарым-қатынасын бекемдей түсу үшін өте маңызды қадам екенін айтты.  width=
– Гейдар Әлиев секілді әлемдік деңгейдегі тұлғаның атын ұлықтау – біздің парызымыз. Астанада оның есімімен аталған жаңа көшенің ашылуы – біздің осы игі іске қосқан маңызды үлесіміз. Әзербайжан халқының ұлы перзентіне деген зор ілтипатымыз әрі шынайы құрметіміз, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Президент өз сөзінде Гейдар Әлиевтің күрделі кезеңде ел билігін қолға алып, Әзербайжанның мемлекеттілігін нығайтуда зор рөл атқарғанын атап өтті.
«Гейдар» есімі «алдыңғы шепте жүруші» деген мағына береді. Мұның символдық мәні бар. Оны қазіргі қарқынды даму жолына түскен Әзербайжанның архитекторы десек, артық айтқандық емес. Оның салиқалы басшылығымен Әзербайжанда елеулі саяси және әлеуметтік-экономикалық өзгерістер жасалды. Ел қиын кезеңдерді еңсеріп, дамудың даңғыл жолына түсті. Әлемдік қоғамдастықтың беделді мүшесі болды. Шын мәнінде, Гейдар Әлиев есімі Әзербайжанның нағыз брендіне айналды. Оның өмір жолы – ұлтқа адал қызмет етудің жарқын үлгісі, – деді Мемлекет басшысы.

Серіктес жаңалықтары